Бұл туралы Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев хабарлады. Сондай-ақ, үш үй, екі техника өртенген. Аймақ басшысының айтуынша, қазіргі уақытта Бұлақ, Талица, Половинки ауыл тұрғындары (463 адам) қауіпсіз жерге көшірілді. Эвакуациялау орындарында полиция қызметкерлері кезекшілік етіп жатыр. Тұрғындар Семей қаласы мен Бородулиха ауылының эвакуация пункттерінде.”Көміртегі тотығымен уланған орманшылықтың екі қызметкері сауығып келеді, тракторшы Д.К. Қанафин жалпы палатаға ауыстырылды, С. М. Бақанасов үйіне жіберілді”, – деді Уранхаев Үкімет отырысы кезінде.