Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында тіркелетін көліктерді цифрлық таңбалау тәртібі айқындалды

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді. Көлік нөмірлеріндегі өңірлік кодтар қазақ тілінің әліпби тәртібімен беріледі. «Министрлік жаңадан құрылған үш облыс бойынша автокөліктердің мемлекеттік нөмірлеріне өңір кодтарын цифрлық белгілеудің ретін ұсынды. Атап айтқанда, Абай облысына – 18, Жетісу облысына – 19, Ұлытау облысына 20 таңбасы белгіленбек», – деді Шұғыла Тұрлыбек. Айта кетейік, жаңа үш облыста көлік құралдарындағы бұрынғы мемлекеттік нөмірлерді ауыстыру талап етілмейді.