Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі осылай деп хабарлады. “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма экс-төрағасына қатысты кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтерді таратуға болмайды.