Air Astana әуекомпаниясы бүгін рейстер кешігетінін хабарлады. Оның себебі тамыздың 8-і Астанада болған дауыл мен бұршақтың салдары. Қазіргі уақытта әуекомпания бұршақтың салдарынан төрт ұшақтың зақымдалғанын анықтады. Әуекомпания инженерлері қажетті тексерулер мен жөндеу жүргізіп жатыр.