Air Astana және FlyArystan Ресейге рейстерді тоқтатты. Авиакомпаниялар “көрші елдің әуе кеңістігінде сақтандыру жабынының тоқтатылуына байланысты рейстерді жалғастыру мүмкін емес” екенін мәлімдеді. “Әуе компаниясы рейстерді тезірек қалпына келтіру үшін Қазақстан үкіметімен осы мәселелерді шұғыл түрде шешеді” делінген хабарламада. Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына билет құны толық көлемде қайтарылады. Ал SCAT авиакомпаниясының баспасөз қызметі Ресейге рейстер кесте бойынша ұшып жатқанын хабарлады. Еске салайық, бұған дейін барлық ресейлік компаниялар біздің елмен әуе қатынасын тоқтатты.