Айнұр Тұрсынбаева: Үш блогер жиналып 825 тыныс алу аппаратын алдық

Айнұр Тұрсынбаева: Үш блогер жиналып 825 тыныс алу аппаратын алдық. Айтыскер халыққа осындай көмек берді. Ол инстаграмды шулатып, халықтың қаржылай қолдауымен құны 200 мың теңгеге жуық тұратын аппараттарды Түркиядан сатып алып, Қазақстан ауруханаларына жеткізген.

Айнұр Тұрсынбаева сауапты іске ат салысқан барша жанға алғыс айтты. Өкпесі қысылған жұртқа оттегі беретін аппаратты алуға күш салдым. Қамсыз жатпай кәсіпкерлер де кіріссе, осындай 30-50 аппарат ала алады деп ойлаймын деді Тұрсынбаева парақшасында.

Қоса кетсек, айтыскер алған аппараттарды елге жеткізу, тарату мәселесімен президентке үндеу жолдап, көмек сұраған еді. Шенділердің қолдауымен аппараттар межелі жерге жеткен.