Қайрат Боранбаев жаңа қызметке келді

Қайрат Боранбаев жаңа қызметке келді. Ол Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланды. Оның кандидатурасын паралимпиадалық федерация өкілдері қолдады. Қайрат Боранбаевтың айтуынша, қазір Парижде өтетін паралимпида ойындарына дайындық басталды. Жыл соңында Астанада жаңа жаттығу орталығының құрылысын бастау және «Тарлан» инклюзивті мұз айдынын қайта жаңарту жоспарланып отыр. Бұдан бөлек паралимпиадашыларға арналған заманауи тренажерлер сатып алынады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың арызы қанағаттандырылып, түрмеден босатылып, пробациялық бақылауға алынған еді.