Қайрат Құдайбергенді қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылды

Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Алматы қаласы мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергеннің қамауға алу мерзімін 21 желтоқсанға дейін ұзартты. Бұл туралы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметі мәлімдеді. Еске салайық, Қайрат Құдайберген 22 сәуірде ұсталған болатын. Артынша, прокуратура алматылық мәслихат депутаты Алматыдағы қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікке ілінгенін растады.