Қайрат Сатыбалдыұлы бостандыққа шықты. Өзгерген сот үкіміне сәйкес, жазаның өтелмеген бөлігі 3 жыл 3 ай 7 күн мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға ауыстырылды. Енді ол пробациялық бақылауда болады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін сот үкімімен Сатыбалды мемлекеттік қызмет атқару құқығынан 10 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған еді. Сотталушы өтінішхатында жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы сұраған. Негіз ретінде өзінің оң мінездемесін, үкім бойынша залалдың орнын толтырғанын, сондай-ақ жалпы сомасы 700 млрд. теңгеден астам мүлікті және өзге де қаражатты өз еркімен мемлекетке қайтарғанын айтты.