Айзат Молдағасымова еңбек шарты не себепті бұзылғанын айтты. Ол Хамза Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы филиалының директоры болып тағайындалған еді деп хабарлайды Tengrinews.kz. Оның айтуынша, оған халыққа және ел басшылығына “шындықты жеткізу” ережелерін бұзғаны үшін еңбек шартын бұзу туралы хабарлама жіберілген.
Мұның алдында орталық сынақ мерзімі кезінде жұмыстың теріс нәтижесіне байланысты Молдағасымованың жұмыстан шығарылғанын хабарлаған болатын. Қазір жұмыссыз қалған Айзат Молдағасымова азаматтық ұстанымынан бас тартпайтынын, ғылыми қызметкерлердің құқықтарын одан әрі қорғай беретінін жеткізді. Ол орталықтың ғылыми әлеуетін жандандыруға тырысқан.