Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитария дәрігері елде семіздік пен қант диебетімен ауыратындардың өсіп келе жатқанын тілге тиек етті. “Артық салмақ – бұл созылмалы аурулардың одан әрі дамуына ықпал етеді. Егер қателеспесем, 0,5 мл Coca-Cola құрамында қанттың 10 тәуліктік дозасы бар”, – деді вице министр.