Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев онлайн-брифингте осылай деп мәлімдеді. Айта кетейік, Алғабас тұрғындары жол зардабын тартып, балшыққа батып келеді. 2019 жылдан бері қазылып жатқан жолдардан тұрғындардың өз үйлеріне жету мұң болған. Ал электр сымдары ілініп-салынып әлі тұр. “Бұл аумақтар облыстан қосылғанын білесіздер. Сымдар иә ашық тұр. Олар бізге осы күйде келген. Мұнымен айналыспаймыз деп тұрғам жоқ. Бұл ауылдар салынған кезде, тұрғындар сымды өздері тартқан. Оларды ретке келтіру үшін кешенді жұмыс жүргізу керек, оны істеп жатырмыз. Барлық Алғабасты электрлендіру үшін ЖСҚ жасау керек, ақша бөлу қажет. Ол сымды тарта салу не изолентамен орау емес қой. Бұл инженерлік, үлкен жұмыс. Барлық Алғабас бір күнде ретке келмейді”, – деп жауап берді журналистердің сауалына әкім.