Al-Jazeera телеарнасының тілшісін израильдік полицейлер атып өлтірген

Журналист Ширин Абу Акле босқындар лагеріндегі қақтығыс туралы материал дайындап жүргенде басына оқ тиіп, қайтыс болған.Телеарна өкілдері атыс кезінде оның үстінде “баспасөз” деген жазуы бар көкірекше және каска болғанын айтты. Кейінірек Акленің өлімін Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігі растады. ВАФА агенттігі Палестина басшылығы Израиль әскерін оны өлтіргені үшін айыптағанын хабарлады. Израильдің сыртқы істер министрі Яир Лапид журналистер ұрыс алаңында қорғалуы керек деді.