Мұндай қаржылай көмек полиция және төтенше жағдайлар департаментінің, қоғамдық денсаулық басқармасының, құтқару қызметінің қызметкерлеріне көрсетіледі. Бүгін алғашқы төлемдер түстен кейін жасалады. Тиісті тергеу әрекеттері аяқталған соң, бүлінген автокөліктерге төлемдерді қамтамасыз ету үшін полиция департаментіне шамамен 200 миллион теңге мөлшерінде бастапқы сома жіберіледі. Қажет болған жағдайда бұл сома көбейтіледі, – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров.