Алдағы күндері елімізде 46 градусқа дейін ыстық болады

Алдағы күндері елімізде 46 градусқа дейін ыстық болады. Синоптиктер 25, 26 және 27 маусымда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады. Ауа райы болжамына сәйкес, таяу күндері Қазақстан аумағына Ираннан жылы ауа массалары түсе бастайды. Елдің батыс және солтүстік аймақтарында 25-26 маусымда жаңбыр, ал жекелеген аудандарда қатты жаңбыр күтілетініне қарамастан, 27 маусымға дейін республиканың солтүстігінде ыстық ауа райы тіркеледі, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты. “Қазақстанның солтүстігінде күндізгі температура +38 дейін көтеріледі деп күтілуде, оңтүстікте – өте қатты ыстыққа дейін +46 градусқа дейін жетеді”, – делінген хабарламада.