Алексей Цой еліміздің барша тұрғынына көңіл айтты. Коронавирус салдарынан адамның көбі жақындарынан, туған-туыс, бауырларынан, әріптестерінен айырылды.
«Дәрігерлер мен медицина қызметкерлері өмірден озды. Олар күтпеген қауіп-қатермен бетпе-бет келді, соңғы демдері қалғанша күресті. Бұл қайғылы жағдай біз үшін орны толмас қаза. Олар өмірінің соңына дейін дәрігерлік борышын жанқиярлықпен атқарды. Біздің есімізде олар мәңгі нағыз батыр болып қалады», – деді Цой.