Алексей Цой үндеу жасады. Денсаулық сақтау министрі шектеу шаралары алынған күннің өзінде коронавирус инфекциясы ешқайда кетпейтінін, оған үйреніп, сақтық шараларын ұстанып, өмір сүруіміз керек екенін айтты.
Алексей Цой барлық шара қашықтан өтуі керегін, маска тағу, әлеуметтік арақашықтықты ұстану нормаға айналуы тиіс деді. Ведомство басшысының айтуынша, иммунитетті көтеріп, шектеу шарасын ұстанғанда ғана инфекцияны жеңіп, бұл кезеңнен өтуге болады.