Алексей Цой президентке видеоүндеу жолдаған дәрігер Айна Бакеевамен сөйлесті. Шымкенттік дәрігер медицина қызметкерлерінің арасында әлеуметтік желілерде түрлі емдеу курстарын жариялап жатқанына алаңдайтынын айтты.
Науқастар желідегі жарияланған нұсқаулықпен өздігінен емделіп, препараттарды ішеді. Кейде сол дәрілердің салдарынан жағдайы нашарлаған азаматтар оның себебін түсіндіру үшін хабарласатынын жеткізді деді министр.
Алексей Цой министрлік емдеу бойынша мамандар бекіткен ресми ұсыным дайындағанын айтты. Олар ДСМ сайттарында және әлеуметтік желілерге жүктеледі деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Айта кетейік, реабилитолог Айна Бакеева президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдаған болатын. Ол коронавирус жұқтырған науқастардың емдеу хаттамасын қайта қарауды өтінген.