Алимент туралы заңнамада инновациялар енгізілмек. Бұдан былай алимент баланың есеп шотына түседі. Осылай алименттер есепке алынбақ. Нәтижесінде балаға төленетін алимент ата-анасының банктегі берешегін төлеуге кетпейді. Ұлттық банк қаулысының жобасы “Ашық НҚА” порталында жарияланды. Құжат 5 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.