Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, коронавирус тарауы бойынша “қызыл” аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы орналасты. “Сары” аймақта: Алматы мен Шымкент қалалары мен Атырау, БҚО және Қарағанды облыстары. “Жасыл” аймақта: Ақмола, Алматы, Ақтөбе, ШҚО, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, СҚО және Павлодар облыстары тұр. Еске сала кетейік, кеше Шымкент қаласы “жасыл” аймақтан “сары” аймаққа көшті.