Алматы қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Жетісу ауданының бұрынғы әкімі Мақсат Қиқымов Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. “Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің келісімі бойынша Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып Мақсат Қиқымов тағайындалды”, – деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Мақсат Кикимов кәсіпкерлік пен инвестиция, сауда, шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, әлеуметтік әл-ауқат, еңбек және жұмыспен қамту мәселелеріне жетекшілік ететін болады. Бұл лауазымды бұған дейін Сапарбек Тұяқбаев атқарды.