Ол Amanat партиясының Алматы қалалық филиалын екі жыл басқарған. Оны таныстырған Amanat фракциясының жетекшісі Станислав Канкуров Отыншиевтің мемлекеттік қызметте 10 жылдан аса еңбек өтілі болғанын, ол қатардағы маманнан бастап, Алматы қаласы халықты әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы дәрежесіне дейін көтерілгенін атап өтті.