Онда орталықтандырылған кәріз жүйесі жүргізілмеген. Тіпті сумен жабдықталмаған. Жолға асфальт те төселмеген. Шаһар әкімі Бақытжан Сағынтаев осылай деді. «2023 жылға дейінгі барлық шағынауданды сумен және кәрізбен қамтамасыз ету міндеті тұр. Оған триллион теңгеге жуық қаражат бөлінді. Бұл аз сома емес және күрделі жұмыс”, – деді Бақытжан Сағынтаев.