Ең алдымен олар әлеуметтік қашықтықты сақтамайды, маска тақпайды және топ болып жүреді. Айта кетейік, бұған дейін Бекшин маска режимін жиі бұзатындар – жастар екенін айтқан еді. “Балалар бетперде тағады, аға буын өте тәртіпті.
Көбіне бетпердені жастар таға қоймайды. Жаңа санитарлық ережелерде маска режимі туралы ереже жазылған. Біз заң бұзушылықтар үшін Әкімшілік кодекстің 425-бабының 1-бөлігін қолданамыз. Кейбіреулер мұны шектен шығу десе, басқалары шара қолданылмай жатқанын айтады”, – дейді Алматы қаласының бас санитар дәрігері.
Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1707 адам тіркелген.
Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 66 895-ке жетіп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы елдегі коронавирус жағдайына байланысты карантин режимі тағы екі аптаға ұзартылатынын мәлімдеді.