Алматы емханаларына Vero Cell вакцинасы жеткізілді

Алматы емханаларына Vero Cell вакцинасы жеткізілді. Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті осылай деп хабарлады. 14 тамызда Sinopharm вакцинасының 10 мың дозасы (бірінші компонент) алынған. Осы аптада қосымша 35 мың доза жеткізіледі. Айта кетейік, жалпы Қазақстан бұл вакцинаның төрт миллион дозасын сатып алған. Қытайдың Vero Cell вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы биыл 7 мамырда мақұлдаған.