Алматыда 2025 жылға қарай 2 жаңа автопарк пен 5 жаңа жанармай құю станциясы пайдалануға беріледі. Троллейбус паркі жаңартылады. 200 троллейбус сатып алу жоспарда бар. Бұл туралы “Алматыны 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі негізгі басымдықтарында” айтылған. 2025 жылға дейін 1200 дизельді автобус газ бен электр тартымына ауысады. Қоғамдық электр көлігі үшін зарядтау инфрақұрылымының желісін құру жоспарланып отыр. 2030 жылға қарай электр автобустарына арналған 3 жаңа заманауи депо пайдалануға беріледі. Одан бөлек, БРТ жүрдек бағыттарының санын арттыру жоспарланып отыр. “Алматы аренадан” Төле би көшесі бойымен жеңіл рельсті трамвайдың (LRT) бірінші желісін іске қосу жоспарланған. Сонымен қатар шағын мобильділік және басқа инфрақұрылым үшін 60 км жаңа веложол салынады.