Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары мас күйінде көлік айдағаны үшін қамауға алынды
Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Жоғарғы соттың мәліметінше, Ержан Бабақұмаровтың көлігі 29 қаңтарда Астанадағы Төлебаев көшесінде сағат 03:15 шамасында тоқтатылған. Іс материалдарында оның Toyota Land Crusier Prado көлігін мас күйінде басқарғаны көрсетілген.
Нәтижесінде сот оны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру туралы шешім шығарды.