Алматы маңында “ЭкоСергек” камералары пайда болады. Бұл туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл пилоттық жоба. “ЭкоСергектер” алдағы екі-үш айда Алматы маңындағы барлық ұлттық паркте орнатылады. “Алдымен Іле-Алатау ұлттық паркінде 30 “ЭкоСергек” орнатуды жоспарлап отырмыз. Олар туристер көп жүретін жерлерде пайда болады. Мысалы, ҮАК, Есік, Түрген аудандарында. Сондай-ақ, Көлсай мен Қайыңды көлдерінде”, – деді Экология министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева. Оның айтуынша, “ЭкоСергектер” инспекторларға көмектеседі.