Алматы мен Алматы облысында тез дайындалатын корей кеспесінің 2,5 тоннасы жойылды

Алматы мен Алматы облысында тез дайындалатын корей кеспесінің 2,5 тоннасы жойылды. Өнімдер қала мен аймақтардың сауда желісінде сатудан алынды. Ал жеткізушіге айыппұл салынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Еске салайық, Алматылық дәрігерлер тез дайындалатын “Джин Рамен” корей кеспесін қауіпті деп атаған болатын. “Зертхана жұмысының қорытындысына сәйкес, кеспедегі гендік модификацияланған сояның мөлшері 1,4 пайыздан 10,25 пайызға дейін асқан. Ал өндірушілердің таңбаларында көрсетілген өнімдердегі гендік түрлендірілген ингредиенттердің құрамы туралы ақпарат жоқ.