Алматы метросы пойыздарды күту уақытын 3 минутқа дейін қысқартты

Алматы метросы пойыздарды күту уақытын 3 минутқа дейін қысқартты. Қосымша пойыздардың енгізілуіне байланысты уақытты қысқарту мүмкін болған. “Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін және жолаушылардың көбеюіне байланысты Алматы метрополитеніне қосымша екі электрлі жылжымалы құрам қосылды. Бұл таңертең және кешкі қарбалас уақытта пойыздар арасындағы аралықты 3 минут 6 секундқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді”, – делінген Алматы метрополитеннің хабарламасында.