Алматы облысында “Қазпошта” кассирлері 84 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілінді. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу нәтижесінше, Алматы облысы Жамбыл ауданының халыққа қызмет көрсету бөлімінде жұмыс істейтін “Қазпошта” АҚ кассирлері 2021-2023 жылдар аралығында паспорт және жеке куәлік рәсімдеу барысында мемлекеттік баждың бір бөлігін иемденген. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Көші-қон қызметіне баж соммасы жайлы көрінеу жалған ақпарат енгізілген түбіртекті ұсынған. Компанияға келтірілген шығын көлемі – 273 миллион теңгеден асады.