Алматы облысында әйелін 13 жыл бойы азаптаған ер адам сотталды. Ол әйелінің ішкі ағзаларын езіп жіберген. Отбасылық зорлықтың құрбаны болған Қамар Алпамыс соққы салдарынан ішкі ағзаларынан айырылып, мүгедек болып қалған. Әйел Қарасай аудандық полиция басқармасына арыз түсірген. Қылмыстық іс «денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» бабы бойынша қозғалған. Сот ер адамды қамауға алып, бір жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, сот Қамар Алпысқа моральдық зиянды өтеу және материалдық шығынды азаматтық талап қою арқылы өндіру құқығын бекітті. Үйдің жартысы Қамарға қайтарылды. Күйеуінен зәбір көрген әйелдің айтуынша, заңгер Инга Иманбай араласпайынша қылмыстық іс тоқтап тұрған.