Алматы облысында радардан жоғалған тікұшақ экипажының жеке заттары табылды

Алматы облысында радардан жоғалған тікұшақ экипажының жеке заттары табылды. Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов EC-145 тікұшағын іздеу-құтқару шараларының барысын жеке бақылап қайтты. “Су асты рельефі мен түбінің шөгінді, тереңдігінің өзгермелі және судың лай болуы іздеуге кедергі келтіріп жатыр. Десе де, тікұшақ бортындағыларды іздеу операциясы күндіз де, түнде де тоқтамайды”, – деді әскери-әуе күштерінің қолбасшысы. Қосымша ақпарат, іздестіру операциясына 400-ден астам адам, кинологиялық топтар, 70-тен астам жерүсті техникасы, 21 жүзу құралы, эхолоттар, суасты сканерлеу құралдары жұмылдырылған.