Алматы облысындағы тас жолда түнде 10 көлік қар құрсауында қалды

Өңірлік ТЖД хабарлауынша, 30 адам құтқарылған деп жазады KAZ.NUR.KZ. Бүгін сағат 9:30-дан бастап бұрқасын болып, жол нашар көрінетіндіктен бұл бағыттағы қозғалыс (0 шақырымнан 45 шақырымға дейін) барлық көлік түрлері үшін жабылды. Еске сала кетсек, бұған дейін Жамбыл облысында ауа райының күрт бұзылуына байланысты 100-ге жуық жүк көлігі қар құрсауында қалған.