Алматы облысының бас санитар дәрігеріне қатаң сөгіс жариялануы мүмкін. Алматы облысында Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті, онда облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерғали Сыдымановпен болған жағдай талқыланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әдеп жөніндегі кеңес Қазақстанның денсаулық сақтау министріне облыстың санитар дәрігеріне қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолдануды ұсынды.