Алматы облысының бас санитария дәрігері Қайрат Баймұхамбетов қайтыс болды

Алматы облысының бас санитария дәрігері Қайрат Баймұхамбетов қайтыс болды.

«Қайрат Қажыманұлының туған-туыс жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Ол Гиппократ антына берік болып, індетпен күрес кезінде қайтыс болды» деп жазды Алматы облысының әкімі Амандық Баталов фейсбуктегі парақшасында.

Қайрат Баймұхамбетов 2019 жылы 23 мамырдан бастап Алматы облысының Бас мемлекеттік санитария дәрігері қызметін атқарды. Үш баланың әкесі.