Алматы облысының бас санитария дәрігері тағайындалды. Ерғали Сыдыманов облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментін басқарады. Ол еңбек жолын Жамбылдағы жедел жәрдем станциясында санитар ретінде бастаған. Ерғали Сыдыманов – медицина ғылымдарының кандидаты, денсаулық сақтау ісінің үздігі.