Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді. “Мемлекет басшысының келісімі бойынша бас прокурордың 1 тамыздағы бұйрығымен Адамов Берік Абызбайұлы Алматы облысының прокуроры болып тағайындалды”, – делінген хабарламада. Адамов прокуратура органдарындағы қызметін 2004 жылы Павлодар қаласы прокурорының көмекшісі ретінде бастады. Әр жылдары Елордада, Қарағанды облысының прокуратураларында және орталық аппаратта түрлі лауазымды қызметтерді атқарған. Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 17 жылдан асады. Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол. Павлодар облысы Екібастұз қаласының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары болған. Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.