Алматы полициясы “Астана” – “Челси” матчына қатысты тағы да үндеу жасады
12 желтоқсанда Алматының Орталық стадионында өтетін “Астана” – “Челси” матчы қарсаңында шаһар полицейлері билеттерді сатуға қатысты алаяқтық әрекеттер болуы мүмкін екенін ескертеді. Бұл туралы ПД хабарлайды. “Футбол матчына билеттерді алаяқтардан сақтану үшін тек ресми сауда орындарынан сатып алу керек екенін еске саламыз”, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Серік Шумаев. Сонымен қатар матч күні Алматы полициясы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшеді. Құқық қорғау органдары стадион аумағында және оған шектес аймақтарда қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш салады.