Алматы полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Алматыда “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу шарасы басталды. Осыған байланысты полицейлер күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды Polisia.kz. Жедел алдын алу шарасына ұлттық ұланның әскери қызметшілері де тартылып отыр. Олар полициямен бірге көше, аула, алаң, саяжайларды және басқа да қоғамдық орындарды аралауға кіріскен. Негізгі мақсат – қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқықбұзушылықтың алдын алу және жолын кесу. Сондай-ақ, көші-қон заңнамасын, соның ішінде құрылыс және сауда саласында тәртіпбұзушылықтарды анықтау мақсатында тексерістер жүргізіледі. “Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды, қылмыскерлерді іздестіру, сондай-ақ бөтеннің мүлкін ұрлау, пәтер тонау, көлікті айдап әкетумен айналысатын қылмыстық топтарды анықтау бойынша жедел бөлімшелерінің жұмысы күшейтілді”, – делінген ресми хабарламада.