Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев осылай деп мәлімдеді. “Тауға баратын қалалықтардың саны төрт есеге артты. Былтыр карантиннен кейін барлығы тауға шығып кеткен. Тауларда бйланыс жоқ болғандықтан, туристер жиі жоғалып жатыр. Сол себепті қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін біз жыл басында ұялы байланыс операторларымен келіссөздер жүргіздік. Біз олармен байланыс жоқ 14 өлі аймақты таптық. Бұл адамдар жүретін жолдар. Сол жерде біз қосымша базалық станцияларды орнатамыз”, – деді қала басшысы Сағынтаев.