“Үйдің оңтүстік жағында өрт сөндіру техникасына арналған кіреберіс жоқ. Сондықтан бордюрлерді қолмен бұзып, өрт сатысын өткізуге тура келді. Оны бұзу үшін қаншама уақыт қажет болды. Қазіргі жағдай түтіннен қорғау жүйесінің істен шыққанын көрсетті. Олар істен шықпағанда, қабаттарда мұндай түтін болмас еді. Одан бөлек, ғимаратта авариялық шығу люгінің жабық болғаны жағдайды қиындатты. Төтенше жағдай кезінде ғимараттан шығу жолы 5-қабаттан бастап металл баспалдақпен біріктіріліп, дәнекерленген, құлыпталған. Егер люг ашық болғанда, жоғары қабаттан адамдар 5-қабатқа түсе алатын еді. Сол жерден-ақ өрт сөндірушілеріміз қолмен өрт сөндіру сатылары арқылы адамдарды эвакуациялай алушы еді”, – деді Ерлан Әлібеков.