“Алматы жастары” бағдарламасы бойынша өтініш қабылдау наурыздың 14-26 аралығында жүргізіледі. Жеңілдетілген тұрғын үй несиесін алу бағдарламасына 35 жасқа дейінгі қала жастары қатыса алады. Бағдарламаға қатысуға өтінішті www.almaty-zhastary2025.kz ресми сайты арқылы беруге болады. Авторизация электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүзеге асады. Қала әкімдігі осылай деп хабарлайды. Өтініш беру кезінде өтініш беруші мен оның жұбайы Алматы қаласында тұрақты тіркеуде тұруы тиіс. Бағдарламаға ерлі-зайыптының біреуі ғана қатыса алады. Өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің меншігінде тұрғын үй болмауға тиіс. Өтініш беруші соңғы 6 айда Алматы қаласында ресми түрде жұмыс істеген болуы керек және міндетті зейнетақы жарналары төленуі қажет.