“Алматы жастары” жеңілдетілген несиелеу бағдарламасына өтінім бергендер арасында қосымша іріктеу болады.

“Алматы жастары” жеңілдетілген несиелеу бағдарламасына өтінім бергендер арасында қосымша іріктеу болады. Алматы әкімдігі өкілдері осылай деп хабарлады. “Іріктеудің бұл кезеңі 2024 жылғы 29 шілдеден 7 тамызға дейін негізгі конкурстық іріктеу кезеңінде өтінім берген, бірақ құжаттарды дұрыс толтырмау немесе тапсыру кезінде оң шешім алмаған азаматтарға ғана қолжетімді. Редакциялауға жіберілген өтінімдер туралы ақпарат бағдарлама сайтының басты бетінде “Қайта өңдеуге жіберілген азаматтар тізімі” бөлімінде көрсетілген”, – делінген хабарламада. Құжаттарға түзетулер мен жаңартулар енгізу кезеңі желтоқсанның 23-31 аралығына белгіленген. Қосымша ақпарат алу үшін Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының +7 (727) 225 14 57 телефон нөміріне хабарласыңыз.