Алматыда 32 адамнан коронавирустың мутацияланған түрі анықталды

Сағынтаевтың айтуынша, ол – британдық штамм. Қала бойынша 25 ПТР зертхана жұмыс істейді. Зертханалар демалыс күндері де пациенттерге қызмет көрсетеді. “Британдық штамды анықтау үшін 40 ПТР-тест өткіздік. Оны тексеру үшін арнайы реактив керек. 40-тың 78 проценті британдық штамм деп шықты”, – деді қала әкімі.