Алматыда 4 мыңнан астам азамат банкрот деп танылған. Ал биыл банкрот атанғандардың саны 100-ге жетпейді. Ал төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін бүгінге дейін 13 азамат қолданып үлгерген. Мемлекеттік кірістер департаменті осылай деп хабарлады. Соттан тыс банкроттық рәсімін қабылдау өтінішіне бас тартудың негізгі себептері: 1. Ортақ меншіктегі мүлікті қоса алғанда, жеке мүліктің болуы; 2. Арыз берілген күнге дейін 12 ай ішінде төлем өтеуінің болуы. Естеріңізге сала кетейін, жеке тұлғаның банкроттығы туралы жаңа «Қолдау» ақпараттық жүйесі іске қосылды. Биыл соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану жеңілдетілді.