Алматыда 7 жасар баланы зорлау ісі бойынша әзірге күдікті жоқ

Алматыда 7 жасар баланы зорлау ісі бойынша әзірге күдікті жоқ. “Қажетті сараптамалар жасалады. Тергеу нәтижесін күтейік”, – деді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев. Жаға ұстатарлық оқиға Алматыдағы халықаралық мектепте болған. Оқушының анасының айтуынша, 1- сыныпқа барған ұлы үйге жыртық шалбармен келген. Анасы оны тігуге алғанда шалбардың артқы жағы жыртылғанын байқаған. Одан әрі іш киімін тексерген, онысы теріс киілген. Шалбар мен іш киімнен ақ дақтар көрген. Баланың тоқ ішегі мен жамбасында жараның ізі барын байқаған.