Ақпаратты ішкі істер министрлігі өкілдері растады деп хабарлайды Tengrinews.kz. Сотталған Дәуітов 28 ақпанда ұсталған. Алматы полиция департаменті аталған факт бойынша ҚК-нің 426-бабы “Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Мұның алдында ер адам бірнеше соттылығы бары, қазірде тонау және алаяқтық қылмысы үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылғаны хабарланған. Ведомство өкілдері қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде қызметтік тексеріс жүргізілгенін, оның нәтижесінде заңбұзушылыққа жол берген қызметкерлер тәртіптік жазаға тартылғанын мәлім етті. Еске салайық, Дәуітов Алматыдағы ЛА-155/18 мекемесінен 15 ақпанда қашып кеткен.