Аяз болады. Қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының баспасөз қызметі осылай деп хабарлады. Ведомство мәліметінше, алдағы екі тәулік бойы Алматыда қалың қар жауып, ауа температурасы түнде 18, күндіз 15 градусқа дейін төмендейді. Синоптиктер болжамынша одан кейінгі күндері 25 градусқа дейінгі қатты аяз болады. Қаланың коммуналды қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.