Алматыда алдын ала жоспарланған жарық шоуға 63 миллион теңге бөлінген. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті. Оның айтуынша, астана күніне орай алдын ала жоспарланған шоу, коронавирустық пандемияға байланысты тоқтатылды. Жеткізушілер барлық дайындық жұмыстарын өз міндеттемелерін толығымен орындап шықты. Отшашу болмаса да, әкімдік мердігер жұмысшыларына жалақы төлей алуы үшін қаражат аударды. Біз келісімшарт жасасқанда қалыпты өмірге оралған бойда олар өз жұмыстарын аяқтайды деп келістік», – деді қала әкімі.